Kazakh (CIS)Русский (Russian Federation)

instagramm facebook

birgemiz

Біздің байланыс деректеріміз


Қазақстан Республикасы
Павлодар облысы
Екібастұз қаласы
М.Ауэзов көшесі, 149
Индекс: 141202
Тел.: (87187) 760518, 760519
Эл.пошта: ragsekb.ae@pavlodar.gov.kz

             Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
               Қазақстан Республикасының
              Тұңғыш Президенті – Елбасы

president-1

        Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев
   Қазақстан Республикасының Президенті

tokayev

Кірулер санағы

mod_vvisit_counterБүгін291
mod_vvisit_counterКеше663
mod_vvisit_counterОсы жетіде954
mod_vvisit_counterӨткен жетіде4240
mod_vvisit_counterОсы айда2321
mod_vvisit_counterӨткен айда10255
mod_vvisit_counterБарлығы124871

Онлайн: 12
Сіздің IP: 34.200.243.114
,
Қазір: Там 04, 2020

ruk rags 18

Майя Ермековна Сатвалдинова


Жаңалықтар:
                         
        gerb rk              

"Екібастұз қаласы әкімдігінің

                     

"азаматтық хал актілерін

                     

тіркеу бөлімі"

                     

мемлекеттік мекемесі

 
 
 
Егер Сіз Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде туылсаңыз, неке тіркесеңіз/ажырассаңыз және Сіз және Сіздің жақындарыңызға қатысты азаматтық хал актілерінің басқа да түрлері тіркелген болса, бұл ақпарат Сіз үшін
26.05.2020 00:00

konvenciya

Азаматтық хал туралы және басқа да құжаттарды жіберу 1993 жылғы 22 қаңтарда Минскіде (1997 жылғы 28 наурыздағы хаттаманың редакциясында) және 2002 жылғы 7 қазанда Кишиневте Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттер қол қойған азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы Конвенциямен регламенттеледі.

Конвенцияны орындау кезінде Уағдаласушы Тараптардың құзыретті әділет мекемелері, егер осы Конвенцияда қарым-қатынастың өзге тәртібі белгіленбесе, өздерінің орталық органдары арқылы бір-бірімен қарым-қатынас жасайды.
Уағдаласушы Тараптар азаматтық хал актілерін тіркеу туралы құжаттарды, жіберілуі туралы азаматтарды хабардар ете отырып, Уағдаласушы Тараптардың азаматтық хал актілерін тіркеу органдары арқылы сұрау салу бойынша құжаттарды тікелей бір-біріне аудармай және тегін жіберуге міндеттенеді.
Қайталама куәліктерді немесе анықтамаларды беру мемлекеттік қызмет болып табылады және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 219 бұйрығымен бекітілген "Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктерді немесе анықтамаларды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында белгіленген тәртіппен көрсетіледі.
Стандартқа сәйкес шетелден азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктерді немесе анықтамаларды талап ету кезінде көрсетілетін қызметті берушіге (АХАТ бөлімдеріне) жүгіну қажет.
Шет мемлекеттерге сұрау салу Павлодар облысының Әділет департаменті арқылы жіберіледі.
Қызметтің осы түрі үшін мынадай мөлшерде мемлекеттік баж алынады:
- ТМД елдерінен азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәлікті талап еткені үшін - 0,5 АЕК;
– ТМД-дан басқа шет мемлекеттерден азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәліктерді талап еткені үшін -1 АЕК.
Шет мемлекеттерден қайталама куәліктерді жіберу туралы сұрау салулар Қазақстан Республикасы ратификациялаған азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек туралы Конвенция шеңберінде жіберіледі және почта байланысымен жүзеге асырылады.
Сұрау салу жіберілген кезде құқықтық көмек көрсету туралы өтінішке өтініш берушінің (немесе өтініштің) тиісті түрде дайындалған сауалнамасын қоса беру қажет.
Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы тиісті куәлікті талап ету туралы өтініште көрсетілуі қажет мәліметтер:
-  өтініш берушінің тегі, жеке аты, әкесінің аты, мекенжайы;
- куәлік сұратылып отырған адамның тегі, өзінің аты, әкесінің аты;
- қандай куәлік қажет, азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу органы азаматтық хал актілері жазбасын қашан және қалай жасады;
-  құжатты талап ету мақсаты;
- өтініш берушінің жеке қолы қойылады.
Туындаған сұрақтар бойынша "Екібастұз қаласы әкімдігінің АХАТ бөлімі" ММ-не М. Әуезов көшесі, 149 мекенжайы бойынша немесе (87187) 760518, 760519 телефондары бойынша хабарласуға болады.


Р.Сәдуақасова,
Екібастұз қаласы әкімдігінің
АХАТ бөлімінің статистигі

 

 
 
Top