Kazakh (CIS)Русский (Russian Federation)

instagramm facebook

birgemiz

Біздің байланыс деректеріміз


Қазақстан Республикасы
Павлодар облысы
Екібастұз қаласы
М.Ауэзов көшесі, 149
Индекс: 141202
Тел.: (87187) 760518, 760519
Эл.пошта: ragsekb.ae@pavlodar.gov.kz

             Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
               Қазақстан Республикасының
              Тұңғыш Президенті – Елбасы

president-1

        Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев
   Қазақстан Республикасының Президенті

tokayev

Кірулер санағы

mod_vvisit_counterБүгін285
mod_vvisit_counterКеше663
mod_vvisit_counterОсы жетіде948
mod_vvisit_counterӨткен жетіде4240
mod_vvisit_counterОсы айда2315
mod_vvisit_counterӨткен айда10255
mod_vvisit_counterБарлығы124865

Онлайн: 14
Сіздің IP: 34.200.243.114
,
Қазір: Там 04, 2020

ruk rags 18

Майя Ермековна Сатвалдинова


Жаңалықтар:
                         
        gerb rk              

"Екібастұз қаласы әкімдігінің

                     

"азаматтық хал актілерін

                     

тіркеу бөлімі"

                     

мемлекеттік мекемесі

 
 
 
Азаматтық хал актілері жазбаларын қалпына келтіру
03.04.2020 00:00

030420-1

Өмірде азаматтық хал актісін мемлекеттік тіркеу туралы қайталама куәлікті алу үшін АХАТ органдарына жүгіну қажет болған жағдайлар жиі кездеседі. Бірақ азаматтық хал актілері тізілімінің толық немесе ішінара жоғалуына байланысты актілік жазбалардың көшірмесі сақталмаса немесе азаматтық хал актілері туралы акт жазбалары шет елде жасалғандықтан тиісті куәлік немесе жазбалардан үзінді көшірме алу мүмкін болмаған жағдайда не істеу керек?

Білу маңызды! Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің 184-бабына сәйкес азаматтық хал актілері жазбаларын қалпына келтіру тиісті жазбаның бұрын бар екендігін растайтын құжаттар болған кезде немесе актілік жазбаны қалпына келтіру туралы мемлекеттік тіркеудің орны мен уақыты көрсетілген  сот  шешімі негізінде жүзеге асырылады.
Жоғалған азаматтық хал актілері жазбаларын қалпына келтіруге өтініштер өтініш берушінің қалауы бойынша Қазақстан Республикасының аумағындағы кез келген тіркеу органына, ал шетелде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ азаматтық хал актілерін Қазақстан Республикасының тіркеу органдарында тіркеген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелері арқылы бастапқы тіркеуді (жоғалуды) мемлекеттік тіркеу орны бойынша тіркеу органына жібереді.
Азаматтық хал актілері жазбаларын қалпына келтіру тиісті жазбаның бұрын болғандығын растайтын құжаттар болған кезде немесе мемлекеттік тіркеудің орны мен уақыты көрсетілген актілік жазбаны қалпына келтіру туралы сот шешімінің негізінде жүзеге асырылады.
Тарихи отанына оралған адамдарға қатысты азаматтық хал актілері жазбаларын қалпына келтіру жеткілікті негіздер болған кезде және осы фактіні құжаттық растау мүмкін болған жағдайда ғана (тіркеу жазбасының жоқтығы (жоғалуы) туралы анықтама) немесе шкі істер органдарының аталған адамдардың Қазақстан Республикасына заңды түрде кіргендігі және олардың Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы өтініштері расталған жағдайда ғана жүзеге асырылады.  
Ол үшін тұрғылықты жері бойынша АХАТ бөліміне жүгіну қажет.
Қажетті құжаттар:
1) белгіленген нысан бойынша өтініш; жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін); азаматтық хал актілерін тіркеу кітаптарында акті жазбасының жоқтығы туралы, жоғалтылған жазба болған жер бойынша облыстық (қалалық) азаматтық хал актілерін жазу мұрағатының анықтамасы; қызмет алушы және оның жақын туыстары (ата-анасы, аға-інілері мен апа-сіңлілері) туралы мәліметтер егжей-тегжейлі жазылған өмірбаян; еңбек кітапшасының көшірмесі немесе ҚР Еңбек Кодексіне сәйкес еңбек қызметін дәлелдейтін басқа құжат, қызмет алушы студент болса – туған күні мен жері көрсетілетін (бар болса) оқу орнынан анықтама; қызмет алушы әскери міндетті болса, әскери билет көшірмесі (бар болса); қызмет алушының 3*4 см өлшеміндегі екі фотосуреті; мемлекеттік баждың бюджетке төленуін дәлелдейтін құжат немесе салық жеңілдіктерінің берілуі үшін негіздеме болып табылатын құжаттың көшірмесі.

Бұдан басқа, келесі құжаттардың көшірмелері ұсынылады (азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу 2008 жылдан кейін Қазақстан Республикасының аумағында болған жағдайда): некелескен болса, неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәліктің көшірмесі; балалары бар болса, балаларының туу туралы куәліктерінің көшірмесі; ата-анасының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін) немесе олардың қайтыс болғаны туралы куәлік; ата-анасының неке қию туралы куәлігінің көшірмесі (бар болса); қызмет алушының өкілі жүгінген жағдайда, нотариалды куәландырған сенімхат; қызмет алушы зейнеткер болса, зейнеткерлік куәліктің көшірмесі.
Заңды күшіне енген сот шешімі негізінде мемлекеттік қызмет көрсету кезінде қызмет алушы мыналарды ұсынады: сот шешімі негізінде акт жазбасын қалпына келтіру туралы өтініш; қызмет алушының жеке куәлігі (жеке басын сәйкестендіру үшін); мемлекеттік тіркеу орны мен уақыты көрсетілген акт жазбасын қалпына келтіру туралы соттың заңды күшіне енген шешімі.
Оралмандар Қазақстан Республикасына заңды көшіп келгені туралы және олардың Қазақстан Республикасының азаматтығын алу туралы өтінішхаттары туралы ішкі істер органдары берген құжаттарды қосымша тапсырады. Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру үшін қызмет алушы азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіруге қажетті мәліметтерді растайтын құжаттарды (жұмыс немесе оқу орнынан анықтама, білімі туралы құжаттар, мемлекеттік мұрағаттардың анықтамалары) ұсынады.
Мемлекеттік баж мөлшері
Азаматтық хал актілері жазбаларын қалпына келтіруге байланысты куәліктер беру үшін 0,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде мемлекеттік баж алынады.
Мемлекеттік баждың сомасы Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Кодексінің 612-бабына сәйкес есептеледі және уәкілетті мемлекеттік органдардың немесе лауазымды тұлғалардың заңдық маңызы бар іс-әрекеттер жасау және (немесе) құжаттарды беру орны бойынша есептеледі.
Азаматтық хал актілерін тіркеу кезінде растайтын құжаттарды көрсеткен жағдайда мемлекеттік бажды төлеуден босатылады:
1) Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестірілген тұлғалар, Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде 6 ай жұмыс істеген (қызмет еткен) және Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала жастан мүгедектің ата-анасының бірі, қорғаншылар (қамқоршылар), мемлекеттік ұйымдар – туу туралы куәлікті тіркегені және қайтадан бергені үшін;
2) жеке тұлғалар – азаматтық хал актілерін тіркеу кезінде жіберілген қателерге байланысты азаматтық хал актілері жазбаларын өзгерту, толықтыру, қалпына келтіру және түзетулер енгізгені үшін. Мемлекеттік баж мөлшері мен төленген күнін растайтын төлем құжатын беретін банк мекемелері арқылы төленеді.
Қызмет көрсету мерзімі: 7 (жеті) жұмыс күні (қабылдау күні мемлекеттiк қызмет мерзiмiне енгiзiлмейдi), басқа мемлекеттік органдарға сұрау салу және қосымша зерттеу немесе тексеру жүргізу қажет болған жағдайда, мерзімі ұзартылған күннен бастап 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде қызмет алушыға хабарланып, қарау мерзімі 30 (отыз) күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге ұзартылады.
Мемлекет қызмет көрсетудің нәтижесі:
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 219 бұйрығымен бекітілген «Азаматтық хал актілерін қалпына келтіру» мемлекеттік қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайлар және негіздер бойынша жеке басын куәландыратын құжаты көрсетілген жағдайда азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік немесе мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап

Екібастұз қаласы әкімдігінің
АХАТ бөлімінің бас маманы А.Ж.Сүлейменова

 
 
Top