Kazakh (CIS)Русский (Russian Federation)

instagramm facebook

birgemiz

Біздің байланыс деректеріміз


Қазақстан Республикасы
Павлодар облысы
Екібастұз қаласы
М.Ауэзов көшесі, 149
Индекс: 141202
Тел.: (87187) 760518, 760519
Эл.пошта: ragsekb.ae@pavlodar.gov.kz

             Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
               Қазақстан Республикасының
              Тұңғыш Президенті – Елбасы

president-1

        Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев
   Қазақстан Республикасының Президенті

tokayev

Кірулер санағы

mod_vvisit_counterБүгін300
mod_vvisit_counterКеше663
mod_vvisit_counterОсы жетіде963
mod_vvisit_counterӨткен жетіде4240
mod_vvisit_counterОсы айда2330
mod_vvisit_counterӨткен айда10255
mod_vvisit_counterБарлығы124880

Онлайн: 7
Сіздің IP: 34.200.243.114
,
Қазір: Там 04, 2020

ruk rags 18

Майя Ермековна Сатвалдинова


Жаңалықтар:
                         
        gerb rk              

"Екібастұз қаласы әкімдігінің

                     

"азаматтық хал актілерін

                     

тіркеу бөлімі"

                     

мемлекеттік мекемесі

 
 
 
«Қайтыс болуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік қызметін қалай алуға болады?
27.02.2020 00:00

regsmerti1

«Екібастұз қаласы әкімдігінің азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес қайтыс болуды тіркеуді қоса алғанда, мемлекеттік қызметтер көрсетеді.
Қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу үшін негіз болып табылатындар:
1)  медициналық ұйым берген қайтыс болу туралы белгіленген нысандағы құжат;
2) қайтыс болу фактісін белгілеу туралы немесе адамды қайтыс болды деп жариялау туралы соттың заңды күшіне енген шешімі.

Көрсетілген құжаттар болмаған жағдайда қайтыс болуды АХАТ органдарында тіркеуге болмайтынына назарыңызды  аударамыз.
 Қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу Қазақстан Республикасының аумағында кез-келген тіркеуші органда жүргізіледі.
Егер бұрын қайтыс болған адамның тұрғылықты жеріне немесе қайтыс болған жеріне байланыстыру қажет болса, қазіргі уақытта қайтыс болу туралы тіркеу өтініш берушінің өтініші бойынша Қазақстан Республикасының аумағында кез-келген тіркеуші органда жүзеге асырылады.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижесін беру балама негізде тіркеуші органдар - АХАТ бөлімдері және «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (ХҚКО бөлімдері) арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі - құжаттарды тапсырған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні (қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді).
       Құжаттарды қосымша тексеру қажет болған кезде, қызмет көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті алушыны 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде хабардар ете отырып, күнтiзбелiк 30 (отыз) күннен аспайтын уақытқа ұзартылады.
Қайтыс болуды тіркеу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) белгіленген нысан бойынша қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу туралы өтініш (бұдан әрі - өтініш);
2) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша медициналық ұйым берген қайтыс болу туралы белгіленген нысандағы құжат;
3) қайтыс болған адамның жеке басын куәландыратын куәлігі (бар болған жағдайда, егер жеке басын куәландыратын куәлігі жоқ болса, өтініште оның себептері көрсетілуі тиіс);
4) көрсетілетін қызметті алушының өкілі өтініш жасаған жағдайда нотариалды куәландырылған сенімхат;
5) қайтыс болу туралы акт жазбасының тіркелмегені туралы қайтыс болған адамның қайтыс болған жері мен тұрғылықты жері бойынша тіркеуші органның анықтамасы (Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан кейін қайтыс болған адамдарды қоспағанда) ;
6) сот шешімі негізінде тіркеу жағдайында, қайтыс болу фактісін белгілеу туралы немесе адамды қайтыс болды деп жариялау туралы соттың заңды күшіне енген шешімі;
7)  қайтыс болған тұлғаның әскери билеті (бар болса);
8)  қажет болған жағдайда жақын туыстығын растайтын құжат.
Қайтыс болу туралы өтінішті қайтыс болған адамдармен бірге тұрған адамдар, болмаған жағдайда көршілері, тұрғын үй-пайдалану ұйымдарының қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдар, қайтыс болған адамды ұстау ұйымының немесе қайтыс болу орын алған ұйым әкімшілігі, немесе мәйітті тапқан ішкі істер органы береді.
Қайтыс болуды мемлекеттік тіркегеннен кейін, қайтыс болған адамның жақын туыстары, оның мұрагерлерінің қатарына жататын басқа да адамдар немесе қайтыс болған сол адамның қамқорлығында болған азаматтарға, сондай-ақ қайтыс болған адам тұрған немесе жазасын өтеген мемлекеттік ұйымдар әкімшілігінің өкілдеріне қайтыс болғандығы туралы куәлік беріледі.
Басқа туыстарына қайтыс болу туралы куәлік мұрагерлік ісі бар нотариустар берген хабарлама бойынша беріледі.
Егер қызмет алушы туыстығын, қамқорлықта болғанын растайтын құжаттарды немесе нотариустың хабарламасын ұсынбаса, қызмет көрсетуші қайтыс болуды мемлекеттік тіркеуді растайтын анықтама береді.
Мәйіттері танылмаған және талап етілмеген адамдардың қайтыс болуы туралы куәлік қайтыс болу туралы акт жазбасына барлық қажетті ақпаратты енгізгеннен кейін ғана беріледі.
Денсаулығы бұзылған,  организмнің өмірлік белсенділігін шектейтін функциясының бұзылысы бар қызмет алушылардан, мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды алу қажет болған жағдайда Бірыңғай байланыс орталығы - 1414, 8 800 080 7777 арқылы Мемлекеттік корпорацияның қызметкерінің  тұрғылықты мекен-жайына баруы арқылы  жүргізіледі .
Естеріңізге сала кетейік, Екібастұз қаласы әкімдігінің АХАТ бөлімі 2008 жылға дейін қалыптастырылған азаматтық хал актілерін тіркеу туралы электронды ақпараттарды енгізу бойынша жұмысын жалғастыруда.
Осыған байланысты, Сіздің АХАТ АЖ-мен біріктірілген ақпараттық жүйелеріңізде қате мәліметтер көрсетілуі мүмкін.
Құрметті азаматтар, кез-келген қызметті алу үшін және ақпараттық жүйелерде қағаз құжаттарымен сәйкессіздіктер табылған жағдайда Сіздің деректеріңізді түзетуге тиісті өтініш беру үшін Екібастұз қаласының ХҚКО-на  немесе Екібастұз қаласы әкімдігінің АХАТ бөліміне хабарласа аласыз. Сондай-ақ, өзіңіздің актілік жазбаларыңыздың дұрыстығын «электрондық үкімет» порталындағы  жеке тұлғалардың жазбаларын тексеру сервисі бөлімі арқылы тексере аласыз.
Туындаған сұрақтар бойынша ақпаратты Екібастұз қаласы әкімдігінің АХАТ бөлімінің ресми сайтында - ragsekb.gov.kz немесе 87187 (7185) 760518, 760519 телефон нөмірлері бойынша ала аласыз.

 
 
Top