Kazakh (CIS)Русский (Russian Federation)

instagramm facebook

birgemiz

Біздің байланыс деректеріміз


Қазақстан Республикасы
Павлодар облысы
Екібастұз қаласы
М.Ауэзов көшесі, 149
Индекс: 141202
Тел.: (87187) 760518, 760519
Эл.пошта: ragsekb.ae@pavlodar.gov.kz

             Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
               Қазақстан Республикасының
              Тұңғыш Президенті – Елбасы

president-1

        Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев
   Қазақстан Республикасының Президенті

tokayev

Кірулер санағы

mod_vvisit_counterБүгін287
mod_vvisit_counterКеше663
mod_vvisit_counterОсы жетіде950
mod_vvisit_counterӨткен жетіде4240
mod_vvisit_counterОсы айда2317
mod_vvisit_counterӨткен айда10255
mod_vvisit_counterБарлығы124867

Онлайн: 14
Сіздің IP: 34.200.243.114
,
Қазір: Там 04, 2020

ruk rags 18

Майя Ермековна Сатвалдинова


Жаңалықтар:
                         
        gerb rk              

"Екібастұз қаласы әкімдігінің

                     

"азаматтық хал актілерін

                     

тіркеу бөлімі"

                     

мемлекеттік мекемесі

 
 
 
Заң бойынша есімін беру
28.01.2020 00:00

rozhdenie 1

Әдемі, жағымды және заманауи болу үшін баланы қандай есіммен атау керек, бұл - жауапты және маңызды іс. Барлық ата-аналар балаға уақыт пен дәуірдің рухына жауап беретін үйлесімді және әдемі есім бергісі келеді. Бұл өмірлік маңызы бар мәселе, ежелгі заманнан бері адамдарды үнемі алаңдатқан және бүгінгі күнге дейін де өзекті.
Есім таңдауда ата-аналар ғана мүдделі емес, олардың достары мен туыстары, және АХАТ органдарының қызметкерлері де мүдделі. Сондықтан да, есімдердің, тектердің және әкесінің атының жазылуына үйлесімділік, шығу тегі және мағынасына қарай емес,  заңды көзқараспен қарауға аса назар аудару қажет .
Баланың атын кім таңдайды? Баланың атын ата-аналар өзара келісім бойынша қояды. «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 63-бабының 2-тармағына сәйкес баланың атын өзара келісім бойынша ата-аналары немесе баланың басқа да заңды өкілдері береді.

Статистикаға сәйкес, Екібастұз қаласының тұрғындарында сәбидің атын таңдауда Әмір мен Медина есімдері ең танымал.
2019 жылы 25 ұл баланы Әмір, 25-ін – Әлихан, 19-ын - Алан, 16-сын - Мүслім, 12-сін - Алдияр, 11-ін -  Александр, 9-ын - Ислам, 9-ын - Матвей  есімдерімен атаған. Қыздарға есім таңдау кезінде көбінесе Медина деп – 31, Айлин деп – 21, Райана деп – 20, Айша деп – 18, Айсана деп – 15, Милана деп – 15, София деп – 14, Сумайя деп – 9  қызды атаған.
Балаға қосарланған есім беруге бола ма? "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Кодекстің 63-бабының 2-тармағында көрсетілгендей, бөлек жазылған не дефис арқылы жазылған жағдайда, екі аттан аспайтын қосарланған ат беруге рұқсат етіледі.
Осылайша, қазақстандықтар өз балаларына бөлек жазғанда немесе дефис арқылы қосарланған ат беруге ерікті.
Ал егер бала өскеннен кейін, атым сәйкес келмейді деп шешсе, онда өзіне ұнайтын атқа өзгерте алады.
2019 жылы АХАТ бөлімінде 104 аты – жөнін  өзгерту жүргізілді, оның ішінде 14 азамат атын өзгертті. Мысалы, Татьяна атынан Алиса деген атқа, Назигуль - Назымға, Сарыгул - Айданаға, Акгуль - Айлинге немесе Михаил - Александрге, Евгений  - Мусаға және т. б.
Балаға әкесінің атын беру міндетті ме? Кодекстің 63-бабының 2-тармағына сәйкес әкесінің аты ата-аналарының немесе баланың басқа да заңды өкілдерінің тілегі бойынша оның әкесі болып көрсетілген адамның аты бойынша беріледі.
Баланың әкесінің аты өзгеруі мүмкін бе? Әкесі атын өзгерткен кезде оның кәмелетке толмаған баласының әкесінің аты, ал кәмелетке толған баланың әкесінің аты, ол туралы арыз берген кезде, өзгереді. Бұл ретте әкесінің атын өзгерту негіздерінің бірі өтініш берушіні іс жүзінде тәрбиелеген адамның тегі мен аты бойынша тегін және (немесе) әкесінің атын алғысы келуі болып табылады.
Балаға қандай тегі беріледі? Баланың тегі оның ата-анасының жалпы тегі бойынша анықталады. Ата-анасының тегі әртүрлі болған жағдайда балаға ата-анасының келісімі бойынша әкесінің немесе анасының тегі берілуі мүмкін.
Ұлттық дәстүрлерді ескере отырып, тегін беру. Ата-анасының қалауы бойынша баланың тегі ұлттық дәстүрлерді ескере отырып, баланың әкесінің жағынан, сондай-ақ анасының да жағынан әкесінің немесе атасының атымен жазылуы мүмкін.
Азаматтық хал актілерін тіркеу тәртібі туралы Ережеге сәйкес үш өлшемді антропонимикалық белгі жүйесі бойынша ұлты қазақ адамдардың атын, әкесінің атын және тегін жазу және айту мынадай тәртіппен болады: тегі, аты, әкесінің аты. Азаматтардың қалауы бойынша қазақ тіліне тән емес аффикстерді: -ов, -ев, -ова, -ева, -ин, -н, -ины, -на, -овна, -евна, -ович, -евич алып тастап, олардың орнына әкесінің атында: -ұлы, -қызы деп бірге жазуды қолдануға болады. Мысалы, Ибраев Алан Манатович орнына "Ибрай Алан Манатұлы", Сапарбекова Алма Аргыновна орнына "Сапарбек Алма Арғынқызы".
Ұлты қазақ адамдардың тегін әкесінің аты бойынша мынадай түрде жазуға жол беріледі: Сапарбекова Алма Аргыновна - Арғынқызы Алма, Ибраев Алан Манатович - Манатұлы Алан. Әкесінің аты тегін іс жүзінде алмастырған кезде міндетті түрде тегі бірінші орында тұрады, содан кейін аты жазылады, ал әкесінің аты жазылмайды.
Заңның нормаларына сәйкес тегіне "тегі", "ұрпағы", "немересі", "шөбересі" және тағы басқа сөздерді қосуға жол берілмейді.
Егер әкесі анықталмаған жағдайда, баланың тегін өзгерту. Егер бала бір-бірімен некеде тұрмайтын адамдардан туған болса және әкесі заңды түрде анықталмаса, АХАТ органы баланың мүдделерін негізге ала отырып, оның тегін осындай өтінішпен жүгінген кездегі анасының тегіне өзгертуге рұқсат береді.
Ата-аналар арасында келіспеушіліктер болғанда аты, тегі және әкесінің аты қалай беріледі? Заң ата-аналардың өз балаларына қатысты құқықтарының теңдігін көздейді. Бұл баланың атымен, тегімен және әкесінің атымен байланысты мәселелерді шешуде ата-аналардың бірінің пікірі екіншісінікінен басым болмайды дегенді білдіреді. Сондықтан осы мәселе бойынша ата-аналар арасында келіспеушілік болған жағдайда дау, баланың мүдделері ескеріле отырып, сот тәртібімен шешіледі.

Л.Биғалиева, А.Мұхтар,
Екібастұз қаласы әкімдігінің АХАТ бөлімінің
бас мамандары

 
 
Top