Kazakh (CIS)Русский (Russian Federation)

instagramm facebook

birgemiz

Біздің байланыс деректеріміз


Қазақстан Республикасы
Павлодар облысы
Екібастұз қаласы
М.Ауэзов көшесі, 149
Индекс: 141202
Тел.: (87187) 760518, 760519
Эл.пошта: ragsekb.ae@pavlodar.gov.kz

             Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
               Қазақстан Республикасының
              Тұңғыш Президенті – Елбасы

president-1

        Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев
   Қазақстан Республикасының Президенті

tokayev

Кірулер санағы

mod_vvisit_counterБүгін319
mod_vvisit_counterКеше663
mod_vvisit_counterОсы жетіде982
mod_vvisit_counterӨткен жетіде4240
mod_vvisit_counterОсы айда2349
mod_vvisit_counterӨткен айда10255
mod_vvisit_counterБарлығы124899

Онлайн: 18
Сіздің IP: 34.200.243.114
,
Қазір: Там 04, 2020

ruk rags 18

Майя Ермековна Сатвалдинова


Жаңалықтар:
                         
        gerb rk              

"Екібастұз қаласы әкімдігінің

                     

"азаматтық хал актілерін

                     

тіркеу бөлімі"

                     

мемлекеттік мекемесі

 
 
 
Жетім балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алу: тәртібі, құқықтары мен міндеттері
27.01.2020 00:00

577176d7e3cec8d005189cdf0d7674ec 1

Бала асырап алу - сот шешімі негізінде баланы (балаларды) отбасына тәрбиелеуге берудің құқықтық нысаны, оның нәтижесінде шығу тегі бойынша туыстарының құқықтары мен міндеттеріне теңестірілетін жеке мүліктік емес және мүліктік құқықтар мен міндеттертуындайды.

Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, бала асырап алуға тілек білдірген Қазақстан Республикасының азаматтары баланы жеке өзі таңдауға, онымен кемінде екі апта тікелей байланыста болуға, баланың тұратын жері бойынша қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органға баланы асырап алуға тілек білдіргені туралы жазбаша өтініш беруге, сондай-ақ тұрғын үй жағдайларын тексеру актісін, жиынтық табыстың мөлшері, отбасы жағдайы, денсаулық жағдайы туралы, сотталмағандығы туралы анықтама беруге міндетті.
Бала асырап алуды бала асырап алуға тілек білдірген адамдардың (адамның) өтініші бойынша сот жүргізеді. Бала асырап алу туралы істерді қарауды сот Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінде көзделген ерекше іс жүргізу тәртібімен жүргізеді.
Бала асырап алушының және асырап алынған баланың құқықтары мен міндеттері бала асырап алу туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап туындайды.
Бала асырап алуға бала асырап алушы отбасында баланың қалыпты дене бітімі, психикалық, рухани дамуы және адамгершілік тәрбиесі мен білім алуы үшін жағдайлар болған кезде рұқсат етіледі.
Бала асырап алушы мен асырап алынатын бала арасындағы жасайырмашылығы кемінде он алты жыл болуға тиіс. Сот дәлелді деп таныған себептер бойынша жас айырмашылығы қысқартылуы мүмкін. Өгей әкесі (өгейанасы) баланы асырап алған кезде жас айырмашылығы болуы талап етілмейді.
Асырап алынған бала мен оның ұрпағы бала асырап алушылар мен олардың туыстарына қатысты, ал бала асырап алушылар мен олардың туыстары асырап алынған балаға және оның ұрпағына қатысты жеке мүліктік емес және мүліктік құқықтар мен міндеттерге шығу тегі бойынша туыстарына теңестіріледі.
Асырап алынған бала жеке мүліктік емес және мүліктік құқықтарын жоғалтады және өзінің ата-аналарына қатысты міндеттерден босатылады.
Осы уақытқа дейін баланы асырап алу туралы сот шешімі АХАТ органдарында тіркеліп, баланы асырап алу туралы куәлік берілетін. 2019 жылғы 25 қарашада "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне өзгерістер енгізілді, соған байланыстыұлды/қызды асырап алуды тіркеу алып тасталынған. Осылайша Кодексте бала асырап алу және әке болуды анықтау оқиғалары мен фактілері, тиісті өзгерістер, толықтырулар енгізу арқылы, тууды мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасында көрсетілгені туралы регламенттелген. Бала асырап алушыларға баланың тууы туралы жаңа куәлік беріледі.
Бала асырап алу құпиясы заңмен қорғалады. Ата-аналары, туыстары, баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдардың және (немесе) бала асырап алуды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары; бала асырап алу туралы шешім шығарған соттар, сондай-ақ бала асырап алу туралы өзге де түрде хабардар болған басқа да адамдар бала асырап алу құпиясын сақтауға міндетті.

 
 
Top