Kazakh (CIS)Русский (Russian Federation)

jastar

             Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
               Қазақстан Республикасының
              Тұңғыш Президенті – Елбасы

president-1

        Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев
   Қазақстан Республикасының Президенті

tokayev

Кірулер санағы

mod_vvisit_counterБүгін85
mod_vvisit_counterКеше179
mod_vvisit_counterОсы жетіде264
mod_vvisit_counterӨткен жетіде950
mod_vvisit_counterОсы айда3415
mod_vvisit_counterӨткен айда2861
mod_vvisit_counterБарлығы65542

Онлайн: 3
Сіздің IP: 18.204.2.53
,
Қазір: Қырк 24, 2019

ruk rags 18

Майя Ермековна Сатвалдинова


Сұрақ қою

 

Как Вам сайт?
 
Жаңалықтар:
Emblem of Kazakhstan 3d

Екібастұз қаласы әкімдігінің

азаматтық хал актілерін

тіркеу бөлімі"

мемлекеттік мекемесі

Ажырасу – келеңсіз әлеуметтік құбылыс
01.08.2019 00:00

razvod 1

Тіркелген мәліметтер бойынша 2016 жылы 1043 некенің - 620-ы (59,4%); 2017 жылы 1101 некенің - 659-ы (59,9%); 2018 жылы 1065 некенің 713-і (66,9%) неке бұзуға тиесілі.
2019 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 385 тіркелген некеге 335 тіркелген неке бұзу тиесілі, бұл 87% құрайды. 335 неке бұзудың 278-і – сот шешімі бойынша.

АХАТ органдарында некені бұзуды тіркеудің негізі - ерлі-зайыптылардың өзара келісімі, кәмелетке толмаған балалардың және мүліктік даулардың болмауы. Заңды түрде некені бұзуды тіркеу үшін ерлі-зайыптыларға егжей-тегжейлі шешім қабылдауға және отбасын сақтау қажеттілігі үшін өтініш берген күннен бастап бір айлық мерзім берілген. Жыл басынан бері 23 берілген өтініш бойынша некені бұзудан бас тартылды.
Басқа жағдайларда некені бұзуды тіркеу сот шешімі негізінде жүргізіледі. Екібастұз қалалық сотында некені бұзу туралы дауларды бейбіт түрде шешу бойынша және дауды (жанжалды) шешудің балама әдістерін қолдану бойынша белгілі іс-шаралар қабылданады. Екібастұз қалалық сотында - бұл татуластырушы судья, «Отбасылық сот» пилоттық жобасы. Бұл жұмыс «Альтернатива» - «Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталығы» қоғамдық қорының психологтарымен бірлесіп жүзеге асырылады.
Екібастұз қалалық сотында некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы 370 істің 103-і бойынша ерлі-зайыптылардың татуласуы туралы келісімдер жасалды, осылайша сот қаламыздың 103 отбасылық жұбының сақталуына үлес қосты, 206 бала толық отбасында өмір сүріп жатыр.
Некені бұзудың алдын-алу мақсатында, отбасылық құндылықтар мен дәстүрді сақтау үшін тұрақты түрде тұрғындар арасында неке және отбасылық қатынастар бойынша іс-шаралар өткізіліп тұрады.
Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия жұмыс істейді, отбасылық құндылықтар мен дәстүрлерді сақтау бойынша «Ана Ұлағаты» қоғамдық бірлестігінің өкілдері белсенді жұмыс жүргізуде. Жыл сайын отбасы күнін тойлауға арналған іс-шаралар өткізіледі: «Мерейлі отбасы» республикалық байқауының қалалық кезеңі, «Ақбосаға» жас отбасылар қалалық конкурсы, дөңгелек үстелдер және еңбек әулеттерімен кездесулер. Ағымдағы жылда «Жанұя» отбасылық қатынастар клубы ашылды.
Жалпыға ортақ міндет - отбасылық жанжалдардың себептерін, оларды шешу жолдарын анықтау, тараптарды татуластыру, отбасының құқықтары мен мүдделерін, оның ішінде кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау.
Некеге тұру және бала туу бұл тек бір ғана қадам, сонымен бірге некені де сақтап қалу керек, балаларды лайықты азаматтар етіп тәрбиелеу керек, тек сонда ғана отбасы қалыптаса алады.

 «Екібастұз қаласы әкімдігінің АХАТ бөлімі» ММ

 
 
Top